Тілеухан мен Тазабеков халықты 30 жыл бойы шүкіршілікке шақырып келді... Енді бұл екі азаматтың миссиясы билікті шүкіршілікке шақыруға ауыспаса, бұл миссия емес, зомбикратияның негізін салу болып саналады. Бұл екеуі осы миссияның негізін салған адамдар ретінде тарихта қалады. Билік пен жүйе 30 жыл бойы әбден тойынды. Бірақ шүкіршілік етпеді. Негізі шүкір етушілер солар болуы керек еді. Осы екеуі билікті шүкіршілікке шақыруға тиіс еді. Есі дұрыс адамның миссиясы да осы болуға тиіс. Ал халық кредиттен тұншықты, жұмыссыздықтың саны күннен күнге артып, тұрмысы тұралап қалды. Ауылдағы жұмыссыз жастар қалаға келіп, пəтер жалдап, жан сақтап өмір сүріп кетті. Əлеуметтік реформалардың түрі анау. Енді осындай жағдайда қалса да елді, жерді қорғап, барын салған қара халық батыр болмағанда кім енді?... Елдікті осы ауыртпалыққа шыдап отырған халық құра алмайды деп ойлады ма? Осындай жағдайдағы халықты 30 жыл бойы шүкіршілікке шақырып отыру қаншалықты әділетті əрі тепе теңдік сақтау болады екен... Абсурд. Айта барыңыздар. Бекболат Қаржан