Әй, қарындас!
Айтшы қане,
Қандай жігіт ұнайды?
Кәрістер ме?
Сериалда сұлу болған, басқа ма?
Тырнағы өскен, шашы көптен алынбапты масқара.
Беті бояу, құлақ сырға, жігіт деген сүйтеме?
Оларды қой, діні бөлек, көз салсаңшы басқаға.
Орыстар ма?
Әкесімен ішетұғын, соғыстырып кесесін,
У дай мас боп алатұғын шешесінің есесін.
Кәпірлермен аралассаң бойжеткен.
Тағдырыңды өз қолыңмен кесесің.
Үндістер ме?
Киносында би билейтін шалықтап,
Ән салатын ай далада шарықтап,
Кетіп қалмай, махаббаттың аспанында қалықтап,
Ғашық болсаң, мұсылманын таңдап алғын анықтап.
Француз ба?
Арманың ба? Париж көру, аралау?
Байқа бірақ европаның жігіттері алалау,
Бүгін сыйлап, алдап-сулап, ертең қинап жүрмесін,
Олар үшін қиын емес намысыңды табалау.
Қазақ жігіт?
Міне дұрыс, қарапайым болсын тек,
Бола берсін, мейлі, қыз-ау, ол тентек.
Тентек жігіт түскеннен соң қолыңа,
Піш болады, басынбасаң болды тек.
Қазақтардың намыс бар ғой бойында,
Досы, туыс, ағайыны, бәрі тұрар ойында.
Қуанышын бөліседі жинап ап.
Бар қазақты дүркіретіп тойында.
Көтереді қалжыңдасып күлсеңіз,
Ақыл айтар ойыңызға түйсеңіз.
Қайсарлықпен қатар жүрер ақылы
Қазақ жігіт алғыр келеді білсеңіз.